Түркияның солтүстік-батысындағы Болу провинциясында 4,8 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Exclusive.kz. Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 13.55-те тіркелгенін хабарлады. Жер сілкінісінің эпицентрі аталған провинцияның әкімшілік орталығының маңындағы Қызылағылда болды. Сейсмологтар 2030 жылға қарай 16 миллион адам тұратын Түркияның ең үлкен мегаполисінде үлкен […]