Әлеуметтік желіде Түркістандағы өртке оранған мейрамхананың бейнежазбасы пайда болды. Желі пайдаланушылар өрттің «Керуен-сарай» аумағында басталғанын айтқан. Алайда Түркістан облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, өрт «керуен-сарайда» емес, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жақын жерде болған. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов кафенің «Керуен сарай» ойын-сауық кешеніне қатысы жоқ екенін атап өтті. – 16 […]