Ұлттық қауіпсіздік комитеті Украинадағы әскери қақтығысқа қазақстандықтардың қатысу дерегін тергеп жатыр, деп хабарлайды Exclusive.kz. – ҚР ҰҚК Қазақстан азаматтарының Украина аумағындағы соғыс қимылдарына қатысу фактілері бойынша он қылмыстық істі тергеп жатыр, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. Айта кетейік, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды. Фото: BBC