Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту шаралары қаралды, деп хабарлайды Exclusive.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Премьер-Министр пандемиядан кейін еліміздің азаматтық авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтіп, жолаушылар саны артып, бұрынғы рейстер қалпына келе бастағанын, жаңа бағыттар ашылып жатқанын айтып өтті. – Еліміздің кейбір әуежайларында ұшу-қону жолақтарына жөндеу жүргізу керек. […]