Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға барды. Екібастұзда Серік Жұманғарин, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, «ОАЭК» АҚ акционерлері, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС құрылтайшыларының қатысуымен жедел штабтың отырысы өтті. 2022 жылғы 30 қарашада таңғы сағат 08.00-де Екібастұздағы төтенше жағдайды жою […]