ҚР Парламенті Сенатының отырысына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі түйткілді мәселелер мен геосаяси ахуал туралы пікір білдірді. – Баршаңызға мәлім, өтіп бара жатқан жыл оңай болған жоқ, өте күрделі болды десек артық емес. Елімізде болған қасіретті оқиғалар жөнінде өздеріңіз білесіздер. Біз бәріміз бір ел, бір ұлт, бір халық болып, Отанымызды бірлесіп сақтап қалдық деп еш күмәнсіз […]