Мемлекет басшысы көлік-транзит әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласының Қазақстан экономикасында ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Президент өңірлердің өзара қарым-қатынасын жандандыру үшін бұл саланың маңызы зор екенін жеткізді. Президенттің пікірінше, отандық өнімнің экспортқа қауіпсіз әрі үздіксіз шығарылуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Мемлекет басшысы […]