27 ақпан күні Алматыда Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың теледебаттары өтті. Жер құқығы сарапшысы, кәсіби сот заңгері Бақытжан Базарбек Мұхтар Тайжанды «халықтың атын жамылып, пайда тауып отырсыз» деп айыптады, деп хабарлайды Exclusive.kz. – Сіз Ақордада жұмыс істедіңіз, Назарбаевпен қызметтес болдыңыз. «Қазақстан-2030» жобасын әзірлеуге де атсалыстыңыз. Енді өзіңізді сүттен ақ, судан таза етіп көрсеткіңіз келеді, – деді заңгер. […]