Бас прокуратураның жанынан заңсыз иемденілген активтерді елге қайтару ісімен айналысатын Активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылады, деп хабарлайды Exclusive.kz. Комитет құру жөніндегі құжат мәтіні Ашық НҚА порталында жарияланған. Комитет жұмысын жандандыру үшін Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп әрекет етеді. – Республикалық мемлекеттік мекеме ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті құрылсын. Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп комитеттің тиімді […]