Украина президенті Владимир Зеленский елдің қауіпсіздік және қорғаныс салаларының өкілдерімен құпия кеңес өткізді. Украина президентінің сайтындағы мәліметке сәйкес, құпия кеңеске Қорғаныс министрлігінің, ІІМ, Қауіпсіздік Кеңесінің және «басқа қорғаныс күштерінің» басшылары қатысқан. Кеңеске қатысушылар майдандағы жағдайдан басқа әскерлердің қажеттіліктері мен Украинаның серіктестері туралы талқылады. Сонымен қатар, Жоғарғы Бас қолбасшы бұйрықтарының орындалуы талданды. Фото: president.gov.ua