Владимир Зеленский Украинаны қалпына келтіру үшін шамамен 600-800 миллиард доллар қажет екенін айтты. Нақты сома соғыс аяқталғаннан кейін белгілі болады. – 600-800 миллиард доллар бұл Луганода (Швейцария) айтылған баға. Бұл сома көпшілік алдында айтылды. Барлығын қайта қалпына келтіру үшін бізге осындай көлемдегі қаржы қажет, – деді Владимир Зеленский. Зеленскийдің пікірінше, қазір нақты соманы айту қиын. […]