Bloomberg Billionaires Index мәліметтері бойынша, "Лукойл" компаниясының тең иесі Вагит Алекперовтың байлығы соңғы бір жылда 9,29 миллиард долларға өсіп, 24,7 миллиард долларға жеткен. Norilsk Nickel компаниясының ең ірі акционері Владимир Потанин бір жылда өзінің байлығын 2,49 миллиард долларға ұлғайтып, 31,1 миллиардқа, Novatek-тің тең иесі Леонид Михельсонның капиталы 2,83 миллиард долларға өсіп, 27,5 миллиардқа жетті.