93 мемлекеттің 80-і Украина бойынша бейбіт конференцияның қорытынды декларациясына қол қойды. Әлемдегі ірі экономикалық державалардың G20 тобының алты мемлекеті (Бразилия, Мексика, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Африка, Үндістан және Индонезия) коммюникеге қол қоюдан бас тартты. Сонымен қатар, Армения, Бахрейн, Таиланд, Ливия және Біріккен Араб Әмірліктері, Колумбия мен Ватикан жалпы мәлімдемеге қосылмады.