АҚШ Байденнің Газа жоспарына БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қолдау көрсетуін қалайды. АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде президент Джо Байденнің Израиль мен Хамас арасындағы атысты тоқтату жоспарын қолдайтын қарар жобасын әзірледі. АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилд АҚШ өкілдері жаңа қарар жобасын таратып үлгергенін айтты.