The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, АҚШ үкіметі қытайлық кран шығаратын Shanghai Zhenhua Heavy Industries (ZPMC) компаниясын тыңшылық жасады деп күдіктенеді. Хабарламаға сәйкес, америкалық бірқатар порттарда орналастырылған ZPMC компаниясы шығарған крандар тыңшылыққа пайдаланылуы мүмкін. Атап айтқанда, Джо Байден әкімшілігінің шенеуніктері қытайлық крандардың қауіпсіздігінде кемшіліктері бар дейді.