АҚШ Қытайдан келетін электромобильдер мен басқа да тауарларға баж салығын арттырады. Осылайша, Қытайдан электромобильдер импортына салынатын баж салығы төрт есеге – 25-тен 100 пайызға дейін өседі. Тарифтің көтерілуі Қытайдан келетін 18 миллиард долларлық тауарларға әсер етеді. Вашингтон бұл шешімді америкалық жұмысшылар мен компанияларды ҚХР-ның «әділетсіз сауда тәжірибесінен» қорғау ниетімен түсіндірді.