Арменияда парламент ғимаратының маңында полиция мен наразылық білдірушілер арасында қақтығыс болды. Шерушілер Армениядағы наразылық қозғалысының жетекшісі, Армян апостол шіркеуінің архиепископы Баграт Галстанянның шақыруымен полиция қоршауын бұзып өтпек болды, дейді Интерфакс агенттігінің тілшісі оқиға орнынан.