Байденнің мәлімдеуінше, Нетаньяху Газа секторындағы әрекеттерімен Израильге зиян келтіруде. Израиль премьер-министрінің өз елін қорғауға құқығы бар, бірақ ол «қабылданған іс-әрекеттер нәтижесінде қаза тапқан жазықсыз өмірге көбірек көңіл бөлуі керек» деді АҚШ президенті MSNBC арнасына берген сұхбатында.