Байденнің кеңесшісі Джейк Салливан украиндарды «АҚШ-қа сенуге» шақырды. Бірақ басып алынған жерлерді қайтару туралы сөз қозғамады. Украина президенті Владимир Зеленский Киевке барған АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанмен кездесуінің нәтижелері туралы оң пікір білдірді.