Тұманды Альбионда тұратын қандастарымыз бен жергілікті халық бірігіп Наурыз мейрамын атап өтті. Бұл күні қазанның жанында қызу тірлік қайнап жатты. Ұйымдастырушылар тағамның дәм-тұзын келтіріп, жүгіріп жүр. Палаудың күрішін баптауға білек сыбана кіріскен аспаздардың бірі Серік, шын аты Стивен. Кезінде Қазақстанда жұмыс істеп, қазір зейнетке шыққан.