БҰҰ мәліметінше, Ресей Федерациясындағы украиналық әскери тұтқындар жүйелі түрде азапталады. Украинадағы оқиғаларды зерттеп жатқан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі комиссиясының баяндамасында айтылғандай, ресейлік тұтқында болған украиналық сарбаздар тұрақты түрде аяусыз соққыға жығылып, электр тоғымен, атап айтқанда жыныс мүшесіне зақым келтіріп азапталады. Баяндама авторлары бұны «сұмдық» деп атап, оның жүйелі әрі кең таралғанын айтады.