Часов Яр Украинаның бақылауында қалды деп жариялады Украина қарулы күштері. Ресей әскерлері Бахмут бағытында белсенділік танытып, Донецк облысындағы Часов Ярды басып алуға әрекеттеніп жатыр, бірақ қала толығымен украиналық тараптың бақылауында, деді Хортица әскерлер тобының өкілі Назар Волошин.