Чехия ресейлік ГРУ генералын іздеуге жариялады. Ол әскери қоймалардағы жарылыстарды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Чехиялық тергеушілер Еуропада диверсиямен айналысқан ресейлік ГРУ-ның №29155 әскери бөлімін басқарған және 2014 жылы Врбетицадағы қару-жарақ қоймаларын жару операциясын бақылаған генерал Андрей Аверьянов деп есептейді.