Дания премьер-министріне шабуыл жасаған адам 12 тәулікке қамауға алынды. 39 жастағы ер адам 7 маусымда Метте Фредериксенді қағып кетіп, оқиға орнында ұсталды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылшы дат тілін білмейтін поляк азаматы және оны ұстаған кезде ішімдік пен есірткіге мас болған.