Лондонның Жоғарғы сотында 52 жастағы Джулиан Ассанждың апелляциялық шағымы бойынша тыңдау аяқталды. Егер Ұлыбритания билігі оны АҚШ-қа экстрадицияласа, Викиликс сайтының негізін қалаушысы 175 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қамаудағы журналистің қолдаушылары Лондондағы Жоғарғы соттың алдына жиналып, оның босатылуын талап етті.