Еуроодақ Украинаға әскери көмек ретінде 5 миллиард еуро бөлуге келісті. Бір айға созылған талқылаулардан кейін Еуроодақ елдері 2024 жылы Украинаға кемінде 5 миллиард еуро көлемінде әскери көмек көрсету туралы принципті келісімге келді. Енді бұл шешімді 18 наурызда Брюссельде өтетін жиында Еуроодақ сыртқы істер министрлері бекітуі керек.