Еуроодақ алғаш рет израильдік қоныстанушыларға қарсы санкция салды. Шешімде төрт «экстремистік» израильдік қоныстанушы мен екі қоныстанушы ұйым палестиналықтарға қарсы адам құқықтарының өрескел бұзылуына жауапты делінген. Санкциялар Lehava және Hilltop Youth топтарына, соңғысының негізін салушылар Меир Эттингер мен Элиш Йередке салынды. Сондай-ақ қоныстанушылар Нери Бен Пази және Йинон Левиге.