Еуропарламентке кім сайланады? 6-9 маусым аралығында Еуроодақ елдерінің 350 миллион азаматы Еуропарламенттің жаңа құрамын тікелей сайлай алады. Болжамдарға сәйкес, оңшыл популистер, еуроскептиктер мен ұлтшылдар өкілдіктерін 21%-дан 25%-ға дейін арттыруы мүмкін, бірақ бұл жағдайда олар әлі де парламенттік көпшілікке ие болмайды. Либералдар мен жасылдар кейбір мандаттарынан айырылатын сияқты.