Азиядағы сұйытылған табиғи газдың бағасы ақпан айының соңынан бастап 40 пайызға көтеріліп, биылғы ең жоғары көрсеткіш тіркеліп отыр. Бүгінде әр мың текше метрі үшін 400 долларға бағаланған. Осыған байланысты ұзақмерзімді келісімшартпен жұмыс істемейтін көптеген сұйытылған табиғи газдың жеткізушілері Азия нарығына басымдық бере бастаған. Олар тауарды ең әуелі Жапония, Оңтүстік Корея және Қытайға жөнелтіп отыр.