Еуропарламент босқындарды қабылдау туралы заңнамаға өзгертулерді мақұлдады. Қабылданған реформаға сәйкес, ЕО-ның сыртқы шекараларында пана іздеушілерге қатысты процедура жеделдетіледі. Мәртебесін бекітуге мүмкіндігі аз болғандар тезірек депортацияланады, бұл туралы шешім де шекарада қабылданады.