Франция Crocus City Hall трагедиясынан кейін терактілерден қорқады. Террорлық қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі Мәскеу облысында болған оқиға аясында енгізілді, деп хабарлады Франция премьер-министрі Габриэль Атталь. Оның айтуынша, мұндай шешімді Эмманюэль Макрон шақырған елдің қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік кеңесі қабылдаған.