Франция үкіметін ел тарихындағы ең жас премьер-министр басқарады. Елисей сарайы ресми хабарлағандай, Франция үкіметінің басшысы 34 жастағы Габриэль Атталь бұған дейін елдің білім министрі қызметін атқарған. Атталь Францияның ең жас премьер-министрі болумен қатар, бұл лауазымды атқарған алғашқы ашық гомосексуал.