Германияда Ресейдің 4 миллиард еуроға жуық активтері бұғатталған. Әңгіме Украинадағы соғысқа байланысты ЕО санкцияларына ұшыраған жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ Ресей Федерациясының Орталық банкінің 3,95 миллиард еуро активтері туралы болып отыр, дейді Reuters Германияның қаржы министрлігіне сілтеме жасап.