Халла Томасдоттир Исландия президенті болып сайланды. Сайлауда 55 жастағы кәсіпкер әйел 34,3% дауыс жинады. Оның бәсекелесі, 48 жастағы бұрынғы премьер-министр Катрин Якобсдоттир 25,2% дауыс жинады. Якобсдоттир Томасдоттирді жеңісімен құттықтап үлгерді.