Италия, Франция және тағы бес мемлекет артық бюджет тапшылығы үшін айыппұл төлейді. Еурокомиссия бюджет тапшылығына байланысты жеті елге қарсы жазалау шараларын бастады. Ережеге сәйкес, ЕО-ға мүше елдердің бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің үш пайызынан, ал жалпы мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімнің 60 пайызынан аспауы тиіс.