Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ливанда орналасқан «Хезболла» тобының атқылауынан кейін қатты орман өрттері басталған елдің солтүстігіне келді. Нетаньяху Израильдің «солтүстікте өте күшті әрекеттерге» дайын екенін атап: «Кім бізге бірдеңе істейін дегенде, біз қол қусырып отырады десе, онда қатты қателеседі» деді.