Израиль Рафах қаласына әуеден соққы берді. Бұған дейін үкімет Хамастың Газа секторында атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдамаған. Израиль әскерилері 6 мамыр күні кешке Газа секторындағы исламшыл радикалдық қозғалыстың соңғы тірегі саналатын қала - Рафахтың шығыс бөлігіндегі Хамас лаңкестік нысандарына нысаналы соққылар жасап жатқанын жеткізді.