Германия мен бірнеше Балқан елдерінің тергеу органдары алты айға созылған тергеуден кейін бес елде 20 күдіктіні ұстады. Алаяқтық желіге қосылған 12 байланыс орталығы жойылды. Германия билігі күдіктілердің әрекетін «Еуропадағы ең ірі телефон алаяқтығы» деп атады.