«Крокус» лаңкестік әрекеті бойынша сегізінші айыпталушы қамауға алынды. Мәскеудің Басман соты аталмыш іс бойынша басқа күдіктілер сияқты Әлішер Касимовты да 22 мамырға дейін қамауға алды. Оған лаңкестік әрекетті жасады деген күдіктінің біріне пәтер жалдап берген деген айып тағылып отыр. Оның өзі жай ғана Avito-да пәтер жалдау туралы хабарландыру жариялағанын және жалға алушылардың терроризммен байланысы бар екенін білмегенін айтады.