Құқық қорғаушылар «Крокус» лаңкестік әрекетіне күдіктілердің азапталуын айыптайды. Ұсталғандар сот залына азаптау белгілерімен әкелінді: «құлағы кесілген, мойнында сөмке және ес-түссіз күйде», - делінген «Азаптауға қарсы топ» құқық қорғау ұйымының мәлімдемесінде.