НАТО Украинаға арнайы өкіл лауазымын құруды жоспарлап отыр. Foreign Policy хабарлағандай, альянстың Украинадағы «аға азаматтық өкілі» лауазымы одақтың шілде айында өтетін мерейтойлық саммитінде ұсынылуы мүмкін. Арнайы өкіл Украинаға, оның ішінде әскерилерге одақтастардың көмегін үйлестіреді.