Мәскеудегі лаңкестік әрекеттің артында «Ислам мемлекеті Вилаят Хорасан» (ДАИШ-К) лаңкестік ұйымының ауған бөлімшесі тұр, деп хабарлайды америкалық The New York Times (NYT) газеті мен CBS телеарнасы Ақ үй ресмилеріне сілтеме жасап. АҚШ шенеуніктері бұған дейін ресейліктерге алдағы шабуыл туралы ақпарат беріп, Мәскеудегі елшілігінің сайтында ескерту жариялаған деген болжам бар.