2 наурызға қараған түні Ресей әскерлері Украинаның Одесса және Харьков облыстарына ұшқышсыз ұшақтар арқылы соққы берді. Одессада шабуыл салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы жеті адам, оның ішінде бір бала мен жүкті әйел зардап шекті. Іздеу-құтқару операциясы жалғасуда.