Ресей әскери ұшағы Швецияның әуе кеңістігін бұзды. Швеция қарулы күштері оқиға Балтық теңізіндегі Готланд аралының маңында болғанын хабарлады. Айтуларынша, Су-24 бомбалаушы ұшағына ескерту жасалып, ол жауап бермеген.Осыдан кейін оған екі шведтік Грипен жауынгері жіберілді.