Ресей азаматы Баварияда екі украинды өлтірді деген күдікке ілінді. Баварияның Гармиш-Партенкирхен аймағындағы Мурнау қаласында екі украин азаматы қаза тапты. 36 жастағы ер адам пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал 23 жастағы ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, кейін ол да қайтыс болды.