Ресей Федерациясы тәліптерді лаңкестер тізімінен шығаруы мүмкін. "Бұл мәселені Ресей Сыртқы істер министрлігі, Ресей Әділет министрлігі және Ресейдің басқа да тиісті ведомстволары зерттеп жатыр. Түпкілікті шешімді елдің жоғарғы саяси басшылығы қабылдайды", - деп жариялады Gazeta.Ru агенттігіне Ресей Сыртқы істер министрлігі.