Ресей Сыртқы істер министрлігі шетелдегі ресейліктерге құжат беруге тыйым салу мәселесін талқылап жатыр деп жазады "Новая газета". Басылым сілтеме жасап отырған бұйрық жобасында 2024 жылдан бастап шетелдегі Ресей Сыртқы істер министрлігінің консулдық мекемелері паспорт беруді, нотариаттық қызмет көрсетуді, құжаттарды заңдастыру және жинау, азаматтық мәселелерін шешу қызметін көрсетуді уақытша тоқтату көзделген.