Ресей Сыртқы істер министрлігі Ресейде тыйым салынған «Талибан» қозғалысын Қазандағы ислам форумына шақырды. Талибан делегациясы мамыр айына жоспарланған «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum» форумына қатысуға шақырылды. Сыртқы істер министрлігі Азияның екінші департаментінің директоры Замир Кабулов ТАСС агенттігіне Ресейдің Ауғанстандағы «Талибан» үкіметімен антитеррорлық іс-қимылдар тақырыбы бойынша «тұрақты негізде» ынтымақтастықта екенін айтты.