Орскідегі бөгеттің бұзылуына байланысты тасқын су Орынборға жетті. Сәуірдің 7-сі күні таңертең Жайық өзеніндегі су деңгейі 30 см-ге жуық көтерілді. Орынборда 1300-ден астам үй шаруашылығы мен 403 тұрғын үйді су басты. Жергілікті билік 900-ге жуық адамды эвакуациялады.