Ресейге түнде ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасады. Дрондардың бірі Липецктің өнеркәсіптік аймағына құлады, деп хабарлады облыс губернаторы Игорь Артамонов. Оның айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Осы кезде Липецк тұрғындары әлеуметтік желіде Новолипецк металлургиялық зауытына шабуыл жасалғанын жазып жатыр. Сондай-ақ бұл ақпарат әлі расталған жоқ.